Балабақша тарихы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «Билікөл» бөбекжай — балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Қарабастау ауылы С. Слямханов №8 көшесінде орналасқан. Ғимараты ыңғайластырылған,1 қабатты ғимарат, пеш құбырымен , ауызсу. Жалпы алаңы: 654,97 м2, жер учаскесінің алаңы 0,3219 га.
Балабақшада әкімшілік кабинеті, педагог – психолог кабинеті, музыка кабинеті,медбике кабинеті, 2 жатын бөлмесі , 2 оқу – ойын бөлмесі,2 асхана, кастелянша, кір жуатын бөлмелер мен қоймалар бар.
«Билікөл» бөбекжай – балабақшасында 2 топта 50 бала қазақ тілінде тәрбиеленеді. Барлығы 23 қызметкер жұмыс жасайды, оның 8 ағартушы педаготар, 15 шаруашылық қызметкерлері.
Жұмыс уақыты: 5 күндік.
Жұмыс істеу тәртібі: 10,5 сағат.
Жұмыс уақыты: 8.00 ден 18.30 ға дейін.
